Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

Қазақстандық волейболшылар келесі ойынын 25 тамызда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді.



Күн шежіресі