Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстанның әйелдер құрамасы Дели қаласында (Үндістан) семсерлесуден өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына жолдама үшін таласады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінің ширек финалында қазақстандық шпагашылар Жапония құрамасынан басым түсті. Кездесу 45:42 есебімен аяқталды. Ал 1/8 финалда Ирина Бакалдина, Владислава Андреева және София Николайчук Таиландты ірі есеппен жеңді (45:22).

Жартылай финалда Қазақстан құрамасының қарсыласы өз ширек финалдық кездесуінде Тайбэйді 45:28 есебімен ұтқан Оңтүстік Корея құрамасы болады.

Айта кетейік, қазақстандық семсерлесушілер кем дегенде қола медальға қол жеткізе алады.



Күн шежіресі