Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстанның ерлер құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Непал құрамасын 3:2 (25:19, 25:21, 35:34, 19:25, 15:9) есебімен жеңді.

Ертең, 23 шілдеде, Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі. Турнир барысында жерлестеріміз сондай-ақ Шри-Ланка, Пәкістан және Бангладеш құрамаларына қарсы ойын өткізеді.