Қазақстан құрамасы Алтай Одағы чемпионатын 18 жүлдемен бастады
Астанада өтіп жатқан таеквондодан Алтай Одағы чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, турнирді сәтті бастады.
Ұлттық құрама өкілдері бірнеше салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Ерлер және әйелдер арасындағы бәсекеде алтын, күміс және қола жүлделерге қол жеткізіп, халықаралық доданың алғашқы күнін нәтижелі аяқтады.
Қазақстан құрамасы сапынан Самирхон Абабакиров (-63 кг), Бейбарыс Қаблан (+87 кг), Айша Әділбекқызы (-62 кг) және Назым Махмутова (-73 кг) жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдені Тамирлан Тлеулес (-58 кг), Мақсат Орынбасар (-74 кг), Айдана Құмартаева (-46 кг), Нұрай Бауыржанова (-49 кг), Нодира Ахмедова (-53 кг) және Аяулым Асқар (-67 кг) жеңіп алды.
Қола жүлдегерлер қатарынан Баходир Шапулатов (-54 кг), Мерген Ганиев (-80 кг), Бауыржан Хасенов (+87 кг), Нұрайым Жұмабек (-49 кг), Айдана Сүндетбай (-53 кг), Аружан Найманбаева (-67 кг), Нұрлы Кеңесбек (-73 кг) және Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг) көрінді.
Айта кетейік, 23 маусым күні таеквондодан Алтай Одағы чемпионаты жастар арасындағы бәсекелермен жалғасады.