logo

Қазақстан құраамасы орда жарысын жеңіспен бастады

Қазақстан құраамасы орда жарысын жеңіспен бастады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордоның топтық кезеңіндегі кездесулер жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі. 

Қазақстан Б тобындағы алғашқы ойынын Чехия құрамасына қарсы өткізді. Аталған кездесуде отандық асықшылар қарсыластарын 64+хан:4 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы – монғолияның асықшылары. 

Айта кетейік, егер Қазақстан Монғолияны жеңсе, 13 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтетін финалдық ойындарға жолдама алады.