logo

Қазақстан Португалияның сегіз жылдық жеңіліссіз сериясын тоқтатты

Қазақстан Португалияның сегіз жылдық жеңіліссіз сериясын тоқтатты

Португалия футзал құрамасы әлем чемпионаты мен EURO финалдық турнирлерінде қатарынан сегіз жыл бойы жеңілмей келген еді — 2016 жылдың 28 қыркүйегінен бері, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осы уақыт аралығында португалдықтар тек Иранға пенальти сериясында қола медаль үшін өткен матчта ғана жол берген болатын.

Одан кейін Португалия EURO-2018 турнирін (5 жеңіс), 2020 жылғы Әлем Чемпионатын (5 жеңіс негізгі уақытта, бір пенальти сериясындағы жеңіс және бір тең ойын), сондай-ақ EURO-2022-ні (6 жеңіс) жеңіп алды.

Алайда, кеше Андижанда Қазақстан құрамасымен өткен матчта бұл серия аяқталды.



Күн шежіресі