logo

Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің ең мықты спортшылары арасындағы матчтар. Суперлига бойынша үстел теннисі жарысының тікелей эфирі

Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің ең мықты спортшылары арасындағы матчтар. Суперлига бойынша үстел теннисі жарысының тікелей эфирі

Қарағанды қаласында Қазақстанның ашық командалық чемпионаты — Суперлига басталады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Ресей клубтары қатысады.

Қазақстандық үстел теннисінің көшбасшылары қатарында Кенжеғұлов бауырлары, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки және өзге де спортшылар өнер көрсетеді.

Екінші ойын күнінің басталуы — сағат 10:00. Бұл күні 5 және 6-тур ойындары өтеді, олардың қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне жолдама алатын командалар анықталады.

Турнирді толықтай тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі