logo

Қазақстан Олимпиада ойындарының қорытынды іріктеу турниріне қатысатын боксшылар құрамын атады

Қазақстан Олимпиада ойындарының қорытынды іріктеу турниріне қатысатын боксшылар құрамын атады

Парижде өтетін Олимпиада ойындарының соңғы лицензиялық турниріне қатысатын боксшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасы Таиландқа аттанды. 24 мамыр күні Бангкокта Екінші Әлемдік лицензиялық турнир басталады. Жарысқа қатысуға 133 командадан 600 боксшы өтінім берді. Париж Олимпиадасында 13 салмақ дәрежесінде 248 лицензия бар, оның ішінде соңғы лицензиялық турнирге 51 лицензия (әйелдерде 23, ерлерде 28) беріледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ерлер құрамасында тек бір салмақ дәрежесінде ғана лицензия жоқ. Мұхамедсабыр Базарбайұлы Бангкокта 63,5 келі салмақта өнер көрсетеді.

Қазақстан әйелдер құрамасын бес боксшы таныстырады:

Назым Қызайбай (50 келі); Ұлжан Сарсенбек (54 келі); Римма Волосенко (60 келі); Наталья Богданова (66 келі); Валентина Хальзова (75 келі).

23 мамырда жеребе тарту рәсімі өткізіліп, алғашқы қарсыластар анықталады. Жарыстар 2 маусымға дейін жалғасады.



Күн шежіресі