Қазақстан маунтинбайктан Малайзиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
Маунтинбайктан Қазақстан ұлттық құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандастарымыз екі дисциплина бойынша жүлдегерлер қатарына енді.
Ерлер арасындағы жарыста Денис Сергиенко екі күміс медальға ие болды. Ол XCC және XCO сайыстарында екінші орын алды.
Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC бәсекесінде үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.