Қазақстан гандболдан әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі үшінші матчта жеңіліп қалды

Қазақстан гандболдан әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі үшінші матчта жеңіліп қалды

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз Мысыр құрамасына 18:30 есебімен жол берді.

Қазақстандықтар жұбаныш кезеңінде үш матчта да жеңіліп, екінші топта соңғы орынға ие болды.

Осылайша, құрама 31- 32-орындар үшін ойнайды. Қазақстан құрамасы келесі матчта Иранмен кездеседі.