logo

Қазақстан гандболдан әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Қазақстан гандболдан әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз қатысып жатқан алдын ала кезең ойындары Германияның Трир қаласында өтуде.

Чемпионаттың алғашқы матчында Қазақстан Анголамен кездесті. Бұл ойында қарсылас команда жеңіске жетті. Есеп — 38:20.

Айта кетейік, қазақстандық гандболшылар келесі матчта Норвегия құрамасымен өзара мықтыны анықтайды. Ойын 29 қарашада өтеді.