Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Албания құрамасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Ойынның басында Қазақстан құрамасы Леоның шеберлігімен есеп ашса, матч соңында Ақжол Дарибай соңғы нүктені қойды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияға қарсы өткізеді.