Қазақстан боксшылары World Boxing өткізетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді
26 қазанда 19 жастағы спортшылар арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport +.
Ол Пуэбло қаласында өтпек (АҚШ).
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан командасы Word Boxing Халықаралық федерациясы ұйымдастырушы болып саналатын әлем біріншілігінде алғаш рет өнер көрсетпек.
Барлығы әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып отыр. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ-та Қазақстан намысын төрт боксшы қозғайды.
Жүлде үшін Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта), Асылхан Көшербай (65 келіге дейінгі салмақта), Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі салмақта), Даниял Райымбеков (85 келіге дейінгі салмақта) күреседі.
Еске салсақ, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында ашылған Халықаралық бокс федерациясы. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Word Boxing-ке кіруге өтінім берген.