Қазақстан бокс федерациясы жаңа даму бағытын ұстанады
Алматыда Қазақстан Республикасында боксты одан әрі дамыту жөніндe Кеңес өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Қазақстан бокс федерациясының басшылығы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет өкілі, аймақтық федерациялардың өкілдері және бокс мамандары қатысқан жиында ҚР Президентінің спорттық федерациялардың жұмысында басқарушылық вертикалды және келісілген іс-қимылдарды сақтау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмыс бағыты талқыланды.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп: Париж-2024 және Токио-2020 Олимпиада ойындарының нәтижелері қанағаттанарлықсыз болып шықты және Отандық бокстың жай-күйін көрсетті, сондай-ақ жақын арада жұмыс істеу қажет бірқатар жүйелі проблемалар анықталды”, - деді сөз басында.
Аталмыш мәселеге сүйене отырып, бірқатар тапсырма берілді:
Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамына спортшыларды (кандидаттарды) іріктеу сапасына назар аудару.
Оқу-жаттығу процесіне тартылған облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың жаттықтырушылар құрамын қайта қарау, жаттықтырушылардың біліктілік деңгейін арттырудың тұрақты курстарын ұйымдастыру.
Барлық жарыстарда объективті төрешілікті қамтамасыз ету, спорт төрешілерінің жұмысының ашықтығына қол жеткізу.
Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер боксы бойынша Мемлекеттік жаттықтырушыларымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсынылатын спортпен шұғылданушылар саны, жаттықтырушылар саны, секциялар бойынша статистикалық деректерді өзектендіру.
Медициналық топтың құрылуына байланысты, жергілікті спорт федерациялары бокстан спортшыларды даярлау процесінде медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге ерекше назар аударуы қажет.
«Қазақстан бокс федерациясының Кубогы» республикалық жарысын қайта жаңғырту.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ, серіктес - "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.