Қазақстан биатлоншылары Германияда өнер көрсетті

Биатлоннан Оберхофте (Германия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Жарыс бағдарламасының соңы аралас эстафета болды. Бұл сайыста Қазақстан атынан Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Полина Егорова және Арина Крюкова өнер көрсетті.
Біздің биатлоншылар 18-ші орынға тұрақтады.
Жеңісті Швеция құрамасы қанжығасына байлады. Франция екінші болып келсе, үздік үштікті Норвегия қорытындылады.