Қазақстан азаматтығын алған Софья Самоделкина ел чемпионатында топ жарды
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкенттен және Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан жетпіске жуық спортшы қатысты.
Әйелдер арасындағы жеке сында Софья Самоделкина (Астана) жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Зере Сарбалина (Астана) иеленсе, София Фарафонова (Алматы) қола медальді мойнына тақты.
Ерлер арасындағы жеке сында Диас Жиренбаев (Астана) үздік шықты. Никита Кривошеев (Алматы) екінші, Артур Смагулов (Қызылорда облысы) үшінші орында.
Мұздағы би санатында Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев (Маңғыстау облысы) жұбының өнері жоғары бағаланып, бірінші орынға лайық деп танылды.