Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. 

Сондай-ақ 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.



Күн шежіресі