Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбектан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Снежана Кашкарова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 200 (88+112) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұрсила Берікбол 176 (77+107) келіні көтеріп, қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін) алтын жүлдені иеленген еді.