Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында оныншы орын алды
Қазіргі таңда Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі аясында Қазақстан құрамасы техникалақ бағдарламаның жұптық сынында сынға түсті. Нәтижесінде Даяна Джаманчалова және Мақпал Қалмұрза 265.1108 ұпаймен оныншы сатыға тұрақтады.
Ресей құрамасы жеңімпаз атанды — 300.1509 ұпай. Екінші орынды Қытай құрамасы иеленді — 289.7367 ұпай. Ал Испания 289.3125 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бүгін, 14 тамызда отандастарымыз жұптық және аралас жұптық сайыста (еркін бағдарлама), сондай-ақ командалық бәсекеде (еркін бағдарлама) сынға түседі.