Қазақстан Әлем Чемпионатының ширек финалына шығу үшін Португалиямен кездеседі
 
                                            Футзалдан 2024 жылғы Әлем Чемпионатының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін 1/8 финалдағы жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
24 қыркүйек, Ташкент: Нидерланды — Украина  
24 қыркүйек, Бұхара: Бразилия — Коста-Рика
25 қыркүйек, Әндіжан: Испания — Венесуэла  
25 қыркүйек, Ташкент: Парагвай — Ауғанстан
26 қыркүйек, Әндіжан: Португалия — Қазақстан  
26 қыркүйек, Бұхара: Иран — Марокко
27 қыркүйек, Ташкент: Аргентина — Хорватия  
27 қыркүйек, Бұхара: Таиланд — Франция
Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, Ливияны (4:1) және Жаңа Зеландияны (10:0) ірі есеппен жеңіп, Испаниямен (1:1) тең ойнаған болатын.
 
    