Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионатында үшінші алтынды жеңіп алды
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Наталья Богданова жеңіске жетіп, алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sport+.
Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық кездесуде тайландтық Маникон Байсонды жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтынды қосты.
Бұған дейін Виктория Графеева (60 кг дейін) мен Аида Әбікеева (63 кг дейін) өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетіп, алтын медаль алған болатын.
Сонымен қатар, бірнеше қазақстандық боксшы қола медаль иеленді. Айгерім Саттыбаева (48 кг дейін), Жазира Орақбаева (52 кг дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг дейін), Милана Сафронова (66 кг дейін) және Диана Мағауияева (75 кг дейін) өз салмақ санаттарында үздік үштікке енді.