logo

Қазақ күресінен алғашқы жеңімпаз анықталды

Қазақ күресінен алғашқы жеңімпаз анықталды

Астанадағы V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алғашқы финал өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева жеңіске жетті. Жеңімпаз өз әсерін айтты:

- Оңай қарсылас болған жоқ, әрине. Дегенмен, ақтық белдесуде қобалжу болды. Бапкерлерім «асықпа» деп тапсырма берді, бірақ күрес қалай жүрді, солай жеңіске жеттім. Соңғы сегіз ай Көшпенділер ойындарына дайындалдық. Нәтижесін, міне бүгін көріп отырмыз. Трибунадағы мыңдаған отандасымның қолдауын ерекше сезіндім, бәріне алғыс білдіремін! Ендігі мақсат әлем чемпионы атану, — деді А. Жылқыбаева.



Күн шежіресі