Қазақ көкпаршылары Ресейді жеңіп, финалға өтті
«Қазанат» ипподромында Қазақстан мен Ресей көкпаршылары жартылай финалда өнер көрсетіп, қазақстандық шабандоздар ақтық додаға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасы бұл ойында, 18 салым салса, ресейлік көкпаршылар серкені шеңберге небәрі 2 рет қана дүп тастай алды.
Сонымен қорытынды есеп — 18:2. Қазақстан көкпаршылары ертең Қырғызстан командасымен алтын жүлде үшін таласқа түсетін болады.