logo

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызайбайдың жеңісі туралы: Бұл – ерекше жетістік

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызайбайдың жеңісі туралы: Бұл – ерекше жетістік

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sport+ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

— Отандас бокстың тарихында алғаш болып үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайды құттықтаймын. Бұл — ерекше жетістік.  

Барлық ұлттық құраманы Сербияда өткен әлем чемпионатындағы тамаша өнерімен құттықтаймын! Қыздарымызға жаңа спорттық белестерді бағындыруды тілеймін! — деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Instagram парақшасында.