logo

Қарызға батып қиналмаса екен: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Қарызға батып қиналмаса екен: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасап, бәс тігу мен құмар ойындардан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Інілер, құрметті жанкүйерлер. Бұйыртса 13 шілде жекпе-жегім. Екі бірдей чемпиондық титулды қорғаймыз. Әдеттегідей іні-бауырларды ставка тікпеуге шақырамын.

Сіздер маған қандай жанкүйер болсаңыздар, мен де сіздердің бақытты өмір сүрулеріңіздің жанкүйерімін. Шаңырақтарыңыз шайқалмағанын қалаймын. Қарызға батып қиналмаса деймін.

Құмар ойын – жамадық! Әр жамандық бақытсыздыққа бастайды. Сондай-ақ қазір әртүрлі спорттық ойындар өтіп жатыр. Жеңіл ақшаны көздеп, нәпсіге еріп берекеден айырылып қалмайықшы. Отбасыларыңыз аман болсын!», - деп жазды Әлімханұлы.