logo

Қарағандылық «Тұлпар» 8 жылдық үзілістен кейін үлкен футзалға оралады

Қарағандылық «Тұлпар» 8 жылдық үзілістен кейін үлкен футзалға оралады

Қарағандылық «Тұлпар» 8 жылдық үзілістен кейін үлкен футзалға қайта оралады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Маусымды «Тұлпар» құрамында бір легионермен бастайды. Бұл 29 жастағы ресейлік қақпашы Магомед Абдурашидов. Ол өткен жылы «Тұлпардың» қақпасын Бірінші лигада қорғаған, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейдің жоғары лигасында ойнаған тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, «Тұлпар» құрамында қарағандылық футзал мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетеді:

- Виктор Клинов — 31 жас («Қайрат», «Ақтөбе», «Бәйтерек»),
- Бауыржан Кукумбаев — 29 жас («Оқжетпес», «Аят», «Ордабасы»),
- Владислав Черномордов — 29 жас («Қайрат», «Дельта», «Ухта», ЛКС, «Астана», «Ордабасы»),
- Артем Аншаков — 26 жас («Астана», «Жетісу»),
- Бекежан Апсалямов — 24 жас («Оқжетпес», «Астана», «Ордабасы», «Жетісу»).

Құраманың қалған бөлігін Қазақстан чемпионатында тәжірибесі жоқ U-19 жастар командасының ойыншылары құрайды.

Команданың бас бапкері — қазақстандық футзалдың аңызға айналған маманы Әміржан Мұқанов болады.

Айта кетейік, «Тұлпар» Нұрғожин, Есенаманов, Першин, Довгань, Пенгрин, Тақу, Гребонос, Мун, Кнауб, Клинов, Черномордов, Алин, Мадияров, Кукумбаев сияқты ойыншыларды тәрбиелеп шығарды. Тіпті «Тұлпар» чемпионаттан шығып кеткеннен кейін де олардың мектебі Дарибай, Апсалямов, Аншаков сияқты ойыншыларды дайындауды жалғастырды.

«Тұлпардың» алғашқы үйдегі матчы 17-18 қазан күндері «Қайратқа» қарсы өтеді.