«Қара бүркіттер» жеңісті бастамасын жалғастыра ма? «Аланьяспор» — «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

«Қара бүркіттер» жеңісті бастамасын жалғастыра ма? «Аланьяспор» — «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

Бапкер Винченцо Итальяно шәкірттері маусымды қатарынан алты матчта қақпасына гол жібермей жеңіспен бастады. Соңғы аптада Суперлигада «Эюпспорды» 1:0 есебімен жеңсе, Еуропа лигасында «Жальгиристі» 3:0 есебімен ұтты.

Бұдан бөлек, «қара бүркіттер» Еуропа лигасында гол жібермей, даниялық «Мидтьюлланды» және чехиялық «Градец-Краловені» де жарыстан шығарды. Осылайша команда алты ойында тоғыз гол соқты.

Енді «Бешікташтың» жолында «Аланьяспор» тұр.

Матч сағат 23:30–да басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі