logo

Қақпашының өрескелі қателігі: «Қайрат» ҚПЛ алғашқы матчында жеңіске жетті

Қақпашының өрескелі қателігі: «Қайрат» ҚПЛ алғашқы матчында жеңіске жетті

Алматылық «Қайрат» өз алаңында петропавлдық «Қызылжардан» басым түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Есепті кездесуде «Қайраттың» бразилиялық сұрмергені Жоао Пауло ашты. Бұл соққыға жауапты «Қызылжардың» футболшысы Тимур Мулдинов қайтарды. Алайда екінші таймада петропавлдық команданың қақпашысы Джурахон Бабахановтың қателігінен кейін Георги Зария алматылық ұжымның екінші голын соқты. Есеп – 2:1.



Күн шежіресі