Қайым Айбар – қылыштасудан Әлем кубогының жеңімпазы
Қазақстандық спортшы Қайым Айбар Германияда өткен кадеттер арасындағы қылыштасу бойынша Әлем Кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Жеребе бойынша жарысты 9-нөмірмен бастаған Айбар турнирлік кестеден сенімді түрде өтті:
16 үздіктер қатарына өту үшін Su Delin (Германия) 15:9 есебімен жеңді;
8 үздіктер қатарына өту үшін Law Tsz No Marcus (Гонконг) 15:7 есебімен жеңді;
4 үздіктер қатарына өту үшін Liu Dominic 15:8 себімен жеңді;
Жартылай финалда Matto Deven 15:12 есебімен жеңді;
Керемет шиеленісті финалда Liu Justin (Германия) 15:13 есебімен басым болды.
Осы маусымда Айбардың еншісінде Әлем Кубогының екі алтын медалі бар, ал қазір ол үшінші алтынды жеңіп, оны Қазақстанға алып келеді.