«Қайсар» бірден бес ойыншымен қош айтысты
Қызылордалық «Қайсар» клубы бірден бес ойыншымен қоштасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Келісімшарт мерзімдерінің аяқталуына байланысты «қасқырлар» сапынан қақпашы Александр Мокин, шабуылшылар Ерсұлтан Төрекұл мен Марлен Айманов, жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан және қорғаушы Қарам Сұлтанов кетті.
Еске салайық, 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша тек отандық футболшылармен ойнаған «Қайсар» ҚПЛ-де 11-орынға тұрақтады.
Маусымаралық кезеңде клубтың жаңа иесі кәсіпкер Исламғали Қозбақов болғаны белгілі болды. Ол клуб академиясын салуға және инфрақұрылымды дамытуға шамамен 12 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр.