«Қайрат» түлегі Абзал Бейсебековтың жетістігін қайталады
«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаев Лига кубогында «Ақжайыққа» қарсы ойында (9:0) рекорд орнатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сатпаев «Қайраттың» тарихындағы ең жас футболшы атанып, алғашқы командада ресми матчта ойнады. Ол командаға 15 жас, 9 ай және 14 күнде дебют жасады және Абзал Бейсебековтың орнатқан рекордын қайталады. Сонымен қатар, «Қайраттың» ең жас ойыншыларының үздік бестігіне Александр Хапсалис (16 жас, 7 ай және 10 күн), Сейітжан Байшақов (16 жас, 7 ай және 30 күн) және Фарид Хисамутдинов (16 жас, 9 ай және 8 күн) кіреді.