logo

«Қайрат» төрешілердің жұмысына шағымданды

«Қайрат» төрешілердің жұмысына шағымданды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан футбол федерациясына үндеу жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қайрат» футбол клубы 2024 жылғы 4 мамырда «Атырау» футбол клубына қарсы өткен Премьер-лиганың 7-ші турындағы матчтағы төрелік сапасына алаңдайды. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясына осы оқиғаны объективті тексеруді талап етіп, ресми шағым жіберілді. ҚФФ бұл мәселені тез арада қарап, тиісті шара қабылдайды деп күтеміз.

Еске салайық, Olimpbet QFL Премьер-лигасының 7-тур аясында «Қайрат» «Атыраумен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 



Күн шежіресі