logo

Қайрат Сәтжанов: Біз тек екі салмақтағы нәтижеге келіспейміз

Қайрат Сәтжанов: Біз тек екі салмақтағы нәтижеге келіспейміз

Таиландта өз мәресіне жеткен бокстан Азия чемпионатынан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылаған, деп хабарлайды Sport+

«Біз тек екі салмақтағы нәтижеге келіспейміз: 48 және 71 келі. Басқа финалдық кездесулерде барлық жеңілістер әділ болды. Мен біздің кемшіліктерімізді байқадым. Алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар жаттығулар физикалық дайындық пен техниканы жақсартуға бағытталады. Менің ойымша, бәрі де сәтті болады. Жігіттердің әлеуеті мықты, мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай мен бірнеше боксшы жарысқа қатыспады.

Бізде қосалқы құрам мықты. Жас спортшыларды ұлттық құрамаға шақырамыз. Жақында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бірақ оған АЧ медалистері қатыспайды, өйткені дайындық үшін уақыт жоқ. Сондай-ақ, Таиландта жеңімпаз атанған, ел чемпионатында жеңіске жеткендер ұлттық құраманың бірінші нөмірі болып есептеледі», — деп қорытындылады ұлттық команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов.