logo

Қайрат Нұрдәулетов «Тобылдың» ұсынысынан бас тартты

Қайрат Нұрдәулетов «Тобылдың» ұсынысынан бас тартты

«Жетісудың» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов қостанайлық «Тобылды» жаттықтырудан бас тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған командасы осы маусымда жақсы ойын көрсетуде. Қазіргі уақытта «Жетісу» ел чемпионатының турнир кестесінде бесінші орынға ие болып, «Ақтөбе» мен «Қайраттан» төрт ұпайға артта қалды.

Осыған байланысты «Тобыл» басшылығы Қайрат Жұмабекұлына қостанайлық команданы басқаруды ұсынуға шешім қабылдады. Алайда, маман маусымның ортасында клубты өзгертпей, футбол маусымының соңына дейін «Жетісуді» жаттықтыруға шешім қабылдады.