logo

«Қайрат» еурокубоктардың жалпы кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» еурокубоктардың жалпы кезеңіне жолдама алды

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матч аясында өз алаңында финляндиялық КуПС командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Гол авторлары — Дастан Сатпаев, Жоржиньо және Валерий Громыко.

Осылайша, қос матчтың қорытындысы бойынша алматылық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті және кем дегенде Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.