«Қайрат» елордадан жеңіспен оралды (видео)

9 мамырда Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген матч аясында «Қайрат» «Астана Арена» алаңында «Жеңістен» басым болды, деп хабарлайды Sport+.
Алматылықтар бірінші таймда екі гол соқты: алдымен Георги Зария пенальтиден дәл соққы жасап, кейін Валерий Громыко Жоржиньоның пасынан кейін есепті еселеді.
Екінші таймда «Жеңіс» бір голмен жауап берді — команданың жаңа ойыншысы, испандық Мика пенальтиден көзге түсті.