logo

«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалисіне гол соқты, бірақ минималды есеппен жеңілді

«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалисіне гол соқты, бірақ минималды есеппен жеңілді

Алматылық «Қайрат» өткен маусымның Чемпиондар лигасы финалисі — миландық «Интерге» қарсы лайықты ойын көрсетіп, алайда 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.

Аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес Чемпиондар лигасындағы 25-ші голын соғып, үзілісте ауыстырылды. «Қайраттың» капитандық белгісімен алаңға шыққан Офри Арад есепті теңестіріп, осы маусымда «Интердің» қақпасына алғашқы гол соққан ойыншы атанды.

Жеңіс голын бразилиялық қорғаушы Карлос Аугусто соқты — ол Чемпиондар лигасындағы алғашқы голына 23 матчтан кейін қол жеткізді.

Бұл кездесу «Қайрат» тарихындағы италиялық клубқа қарсы алғашқы ойын болды. Соңғы 23 жылда алматылықтар Еурокубоктарда Еуропаның үздік бестік лигаларының өкілдерімен кездесіп үлгерді.

Қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше рет сенімді сейв жасап, командасын ірі есептен құтқарып қалды. Сонымен қатар академия түлегі Александр Широбоков жарақат алған капитан Александр Мартыновичтің орнына негізгі құрамда ойынды бастап шықты.

Қазақстандағы маусым аяқталғандықтан, енді «Қайрат» бар назарын Чемпиондар лигасына аударады. Алда команданы келесі матчтар күтіп тұр:

26 қараша, 22:45 — «Копенгаген» — «Қайрат»
9 желтоқсан, 20:30 — «Қайрат» — «Олимпиакос»
20 қаңтар, 20:30 — «Қайрат» — «Брюгге»
29 қаңтар, 01:00 — «Арсенал» — «Қайрат»



Күн шежіресі