«Қайрат» бразилиялық ойыншымен келісімшартқа отырды

АФК «Қайрат» клубы 30 жастағы бразилиялық әмбебап ойыншы Вендел да Силва Мендеспен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін Вендел Бразилияның «Горизонт», сондай-ақ Таиландтың «Хонгиемтакхан» және «Самутсакхон» клубтарында өнер көрсетті.
Ол Бразилия чемпионы және кубок иегері, сондай-ақ Таиланд лигасының жеңімпазы атанған.