Қайрат Боранбаев Адиевтің құрамадағы тағдырына қатысты пікір айтты

«Қайраттың» иесі Қайрат Боранбаев Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құрамада қалдыру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қазақстан құрамасының бас бапкері қалуға тиіс деп санаймын. Ол команданы бұрыннан біледі, оған Ұлттар лигасында тағы бір цикл жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», – деді Боранбаев.
Бұл туралы «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Business FM радиостанциясының «Іскерлік таң» бағдарламасының подкастында мәлімдеді.