Қайрат Биекенов: Илья - өте еңбекқор бала
Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанған Илья Мизерных жайында olympic.kz сайтына шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Биекенов пікірін білдірген екен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ильяның жеңісіне бәріміз қуанып жатырмыз. Бұл Қазақстан үшін де, еліміздегі шаңғымен тұғырдан секіру спортшы үшін де үлкен жетістік. Иә, сізге берген сұхбатымда дәл осы атлеттің жүлдеге таласатынын айттым. Өйткені, Ильяны осы ойынға мақсатты түрде дайындадық.
Оны жастығына қарамай, ересектер құрамасына қостық. Былтырғы қарашадан бастап ол ересектер арасындағы әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, тәжірибе жинай бастады. Әлем кубогында жиған тәжірибелі Ильяға көмек болғаны сөзсіз. Илья өте еңбекқор бала. Бұл жетістігіне таза еңбекпен жетті», - дейді Биекенов.