logo

Қабирхан Дубайда өтетін жарысқа қатыспайтын болды: себебі анықталды

Қабирхан Дубайда өтетін жарысқа қатыспайтын болды: себебі анықталды

Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан 2 наурызда өтетін Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қабирхан бабында. Жаттықтырушы Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев сенбіде өтетін G2 Maktoum Classic жарысынан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды шешті» – делінген Dubai Racing Club баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Қабирхан 30 наурызда Dubai Wold Cup жарысында бақ сынайды. Бұл бәйгенің жүлде қоры – 12 миллион доллар. Қазақстандық сәйгүлік 26 қаңтарда Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінде мәреге бірінші болып жеткен еді. 



Күн шежіресі