Путинцева Қытайдағы турнирдің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Путинцева польшалық Катажина Каваны 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Ал финалда австралиялық Талия Гибсоннан бірінші сетте ұтылып қалғанына қарамастан, матчты 1:6, 6:3, 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтап, іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанды.