logo

Путинцева Колумбияға қарсы кездесуде алғашқы жеңісті алып келді (видео)

Путинцева Колумбияға қарсы кездесуде алғашқы жеңісті алып келді (видео)

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кубогы аясындағы Колумбияға қарсы кездесуді ашты, деп хабарлайды Sport+.

Ұлттық құрама сапындағы 31-матчын өткізіп жатқан Юлия колумбиялық Валентина Медиорреалды 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

Келесі болып кортқа Елена Рыбакина мен Юлианна Лисаразо шығады. Қарсыласуды жұптық ойын қорытындылайды.