logo

ПСЖ - Суперкубок иегері

ПСЖ - Суперкубок иегері

ПСЖ клубы Париждегі «Парк де Пренс» стадионында «Тулузамен» кездесіп, 2024 жылдың алғашқы жүлдесі - Франция Суперкубогын сарапқа салды.

Париждық команда ел чемпионы ретінде алаңға шықса, "Тулуза" - Кубок иегері. ПСЖ сапынан Ли Кан Ин мен Килиан Мбаппе гол соғып, алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Париждық клуб тарихында бұл осымен 12ші Суперкубок және турнир үшін де рекордтық көрсеткіш.

Бірақ ПСЖ жеңістен кейін демалысқа шықпайды, 6 қаңтар күні Франция Кубогы аясында «Ревелмен» ойын күтіп тұр. Матчты тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі