logo

ПСВ – 2024-25 жылғы Нидерланд чемпионы! (видео)

ПСВ – 2024-25 жылғы Нидерланд чемпионы! (видео)

2024-25 жылғы Эредивизи маусымының 34-турындағы матчтар 18 мамырда өтті, деп хабарлайды Sport+.

«Аякс» чемпионаттың соңғы турында өз алаңында «Твентені» қабылдап, Джордан Хендерсон мен Ваут Вегхорст соққан голдардың арқасында 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Алайда бұл жеңіс чемпиондық атақ үшін жеткіліксіз болды — ПСВ параллель матчта жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Ал ПСВ өз кезегінде сырт алаңда «Спартаны» 3:1 есебімен жеңді. Иван Перишич, Люк де Йонг пен Малик Тиллман соққан голдар Эйндховендік клубқа Нидерландтағы чемпиондық атағын қорғап қалуға мүмкіндік берді.



Күн шежіресі