«Порту» жаңа бас бапкерін таныстырды
Мартин Ансельми «Порту» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ клубтың ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Аргентиналық маман бұл қызметте Витор Брунуды алмастырды. 39 жастағы бапкер клубпен 2027 жылға дейін келісімшартқа отырды.
Бұған дейін Ансельми Мексиканың «Крус Асуль» командасын жаттықтырып, клуб тарихындағы ең жоғары ұпай көрсеткішін орнатқан.
Ең үлкен жетістіктеріне ол «Индепендьенте дель Валье» клубында қол жеткізді. Бұл командамен екі жыл қатарынан маусымда екі трофей жеңіп алды: 2022 жылы Эквадор Кубогы мен Оңтүстік Америка Кубогын, ал 2023 жылы Эквадор Суперкубогы мен Оңтүстік Америка Суперкубогын иеленген.
Португалия чемпионатының 19 турында «Порту» 41 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Айта кетейік, «Порту» командасының Примейрадағы барлық матчтарын Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.