«Порту» дағдарысқа ұшырады ма? «Порту» – «Риу Аве» матчының трансляциясы
Соңғы турларда Португалияда барлық қарсыластарын жеңіп келе жатқан «Порту» соңғы үш ойында екі рет ұтылып, іргелі дағдарысқа ұшырады — «Спортингпен» тең ойын және «Каса Пиадан» жеңіліс.
Оны «Бенфика» мен қазіргі чемпион «Спортинг» пайдаланып, айырманы қысқартты.
Бұл Франческо Фариолидің жұмысындағы дағдарысы ма, әлде уақытша қиындық па?
Оған жауап «Риу Аве» командасына қарсы өтетін матчтан белгілі болады. Матч 22 мен 23 ақпанның түнінде сағат 01:45‑те басталады.
Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.