logo

Попко Польшада жеке сында жеңілді, бірақ турнирді жұптық жарыста жалғастырады

Попко Польшада жеке сында жеңілді, бірақ турнирді жұптық жарыста жалғастырады

Қазақстандық Дмитрий Попко италиялық Андреа Пеллегрино екеуі Польшадағы Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ширек финалда қазақстандық-италиялық дуэт румыниялық Мирча-Александру Жекан мен италиялық Джорджио Рикка жұбын 6:3, 1:6, 10:8 есебімен жеңді.

Жеке сында Попко ресейлік Алексей Ватутинге 4:6, 7:5, 6:7 есебімен жол беріп, жарыс жолын аяқтады.