logo

Польша чемпионы «Ордабасымен» жаттығуда

Польша чемпионы «Ордабасымен» жаттығуда

«Легия» мен «Шерифтің» бұрынғы шабуылшысы Жасурбек Яхшибоев шымкенттік «Ордабасы» командасымен жиын өткізуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Легия» мен «Ордабасы» арасындағы бақылау ойынынан кейін польшалық клубтың әлеуметтік желілерінде шымкенттік команданың жидесін киіп тұрған Яхшибоевтың суреті жарияланды.

26-жасар Яхшибоев жақын арада «Ордабасының» жаңа ойыншысы ретінде таныстыруы мүмкін.

Жасурбек «Шерифтің» құрамында  Чемпиондар лигасының 2021-22 маусымындағы топтық кезеңінде мадридтік «Реалдың» қақпасына гол соқты.

«Легия» сапында ол Польша чемпионы атанды.