logo

Полина Омельчук жеңісті сәтінен әсерімен бөлісті

Полина Омельчук жеңісті сәтінен әсерімен бөлісті

Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші жүлдені салған Полина Омельчук өз әсерімен бөлісті, ҰОК баспасөз-қызметі.

Рудный қаласынан шыққан он алты жасар спортшы А финалына қайта шықты. Ақтық айналым нәтижесінде Полина мәре сызығын екінші боп кессе де, нидерландық спортшының құлауына байланысты төрешілер жарысты басынан бастауды ұйғарады. Осылайша, Полина Омельчук Канвон ойындарының қола медаль иегері атанды. Отандасымыздың көрсеткіші - 1:41.600. Бұл жарыста қытай Цзиньцзы Ли жеңімпаз, ал оның жерлесі Цзиньжу Ян екінші орында.

Бұл жарысқа қатты дайындалдым,  өзім спортта пір тұтатын Ксандра Вельцебоэрдің ескі видеоларын қайта-қайта қарып, керек жерін қағазға түртіп отырдым. Сосын сол жазғанымды мұз айдынында іске асырдым. Еңбегім жемісін бергеніне өте қуаныштымын! Бұл медальдің мен үшін маңызы зор, әрі қарай жылжуға керемет ынталандырады.  Бірақ Канвонда әлі де жарыс жолына шығамын, сол үшін демалатын уақыт жоқ

 деді Полина Омельчук марапаттау рәсімінен соң.